Нұр-Сұлтанда жекеменшік балабақшалардың бірінде бүлдіршінге қол көтерген тәрбиеші ісі сотта қаралды.
Білім саласы қызметкерінің әрекеті Әкімшілік құқықбұқуқбұзушылық туралы кодекстің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы (ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі) бойынша сараланды.
Оқиға 7 маусым күні болған. Тәрбиеші балаға қол көтеріп, жеңіл дене жарақатын салған.
Сот отырысында педагог өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген.
«Сот құқықбұзушыны балаға дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп танып, оған 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл 45 945 теңгені құрайды. Аталған баптың санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді. Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайы ретінде құқықбұзушының асырауында жас баласының болуын және жасаған ісіне өкінуін ескерген» делінген қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Айта кетейік, сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.