Майқайың кенішіндегі апат орнынан құтқарушылардың сөмкесі табылды

369

Іздестіру жұмысы барысында құтқарушылардың қол сөмкесі және жұмыс журналы,мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі анықталды.

Қазіргі таңда, жауаптылар, оң болжаммен екі адам тірі болуы мүмкін деп отыр. Бірақ әзірге нақты күні мен уақытын айта алмаймыз. Жағдай күрделі, мұндай операция бұрын болмаған. Өте мұқият жұмыс істеу керек дейді мамандар.

“Ондағы жағдай өте күрделі, ауыр, мамандар жерді зерттеп, автобустың шамамен қай жерде орналасқанын анықтады. Бұл құрылғы ол жерде шынымен металл бар екенін көрсетеді, бірақ, өкінішке қарай, автобустан кейін де бос орын бар. Онда құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Біріншіден, бұл, әрине, нөлден төмен температура. Екіншіден, құтқарушылар мен жұмысшылардың өз өмірі мен денсаулығына қауіп бар. Егер, Құдай сақтасын, топырақ жылжыса, адамдарды тартып кетуі мүмкін”, – деді Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов.

Айта кетейік, бұған дейін жер астынан 4 адамның екеуі табылған болатын

Алдыңғы пост
Костенко шахтасындағы апат бойынша тағы да 9 адам күдікті ретінде танылды
Келесі пост
Ажар Ғиният мәйіт доноры болуға дайын

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu