«Кішіпейілділік». Бүлдіршінге құрмет көрсетіп, сәлем берген полицейге жұрт риза болды

Теги:
373

Саябақтардың бірінде ойнап жүріп, патрульдік полиция көлігіне жүгіріп барған бүлдіршіннің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Жол бойында тоқтап тұрған тәртіп сақшыларының бірі қолына ойыншық ұстаған балақайды байқап, көлігінен түседі. Кейін оған қолын беріп, сәлемдеседі. Баламен аз-кем сөйлескен ол бүлдіршінмен қоштасады.

Тәртіп сақшысының қызметтік формасынан оның Нұр-Сұлтан қаласының полицейі екенін байқауға болады.

Видеоны көрген желі қолданушылары баланың көңілін қалдырмаған тәртіп сақшысының кішіпейілділігіне тәнті болды.

«Үлкен басымен кішіге құрмет көрсетті. Баламен балаша амандасып, көңілін тауып тұр. Жарайсыз», «Жаным-ау, бұл періште де біледі ғой халықты кім қорғайтынын», «Балаға деген құрметіне риза болдым. Көлігінен түсіп, сәлемдесіп тұр. Кейде иманды адамдарды көрсең, жүрегің елжірейді», «Аман жүріңіздер», «Полиция жаман деп айтамыз. Бірақ күніміз түссе, бірінші солардан көмек сұраймыз», «Жігіттер, жұмыстарыңа береке берсін» деп жазды желі қолданушылары.

Алдыңғы пост
Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы биыл толығымен сапалы интернетпен қамтылады
Келесі пост
Елордада балаға қол көтерген тәрбиеші айыппұл төлейтін болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu