Түркістан облысында 4 нотариустың лицензиясы тоқтатылды

Теги: ,
312

Түркістан облысында ағымдағы жылдың жартыжылдығында 4 нотариустың лицензиясы тоқтатылған. Оның үшеуінің лицензиясы уақытша тоқтатылыпты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімеді.

«Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 198 нотариус, 162 адвокат, 200 заң кеңесшілері қызмет атқарады. 2022 жылдың І-жартыжылдығында 1 нотариустың лицензиясын тоқтату, 3 нотариустың лицензиясын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, 2 адвокаттық лицензия тоқтатылып, 3 адвокат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді спикер.

Бүгінгі таңда «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі бойынша өңірде 162 адвокат қызмет атқаруда. Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуге келісілген адвокаттардың саны – 117.

2022 жылға «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде республикалық бюджеттен 109 728 000 теңге бөлініп, 2022 жылдың І-жартыжылдығына жоспарланған теңге игерілген.

Жалпы Түркістан облысы бойынша Әділет департаменті ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 11 түрі бойынша 1 451 қызмет көрсеткен. Нәтижесінде бюджетке 3 040 680 00 теңге мемлекеттік төлем түскен.

Предыдущая запись
Атырауда қолына пышақ ұстаған ер адам жүк көлігінің астына түсті
Следующая запись
Прокуратура до сих пор не зарегистрировала дело о пытках в отношении Олжаса Абишева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню