381
Әлеуметтік желілерде Атырауда орын алған жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарап жатыр. Онда қолына пышақ ұстаған белгісіз ер азаматтың жол бойына шығып кетеді. Оны екі адам райынан қайтаруға тырысады. Алайда ер кісі «КамАз»-дың астына өзін-өзі тастай салады. Жүк көлігінің жүргізушісі барынша тежегішті басқанымен ер кісінің аяғын басып барып тоқтайды. Бұл сәттің видеосын оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған.
Жүк көлігінің астына түскен ер кісі аман қалған.
Оқиға 25 шілде күні Атырау қаласында болған. Қазіргі таңда полицейлер Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.