Екі барымташы өрістен қайтқан 10 сиыр мен 5 жылқыны ұрлап, оны қасапшыға өткізіп жіберген

Теги: ,
387

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында бірнеше ауыл тұрғыны барымташылардың құрбаны болды. Олар полицейлерге жазған арызында қора-жайларынан, жайылымдардан 10 бас ірі қара малы мен 5 бас жылқы қолды болғанын көрсеткен.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеліп, полицейлер шұғыл іздестіру іс-шараларына кірісті. Жедел-тергеу тобы мал тасымалдайтын автокөлік және үй малдарын сатып алатын орындарды мұқият тексеріп шықты. Нәтижесінде жедел уәкілдер екі ер азаматтың ізіне түсті. Оларды жергілікті мекенжайынан ұстады»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Белгілі болғандай, күдікті екі азамат өрістен қайтып келе жатқан, жайылымда жүрген малдарды ұрлап отырған. Төрт түлікті ет соятын қасапшыларға сатып жіберген. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 10 миллионға жуық теңгені құрады. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Предыдущая запись
Памятник Назарбаеву убрали из комплекса «Рух Ордо» в Чолпон-ате
Следующая запись
Нойер потерял кошелек и едва не угодил в скандал

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню