Түркістан қаласында мата сататын дүкенде сөресінде тұрған сөмке ішінен ақша ұрлап кеткен әжей ұсталды.
Облыстық Полиция департаментіне арызданған сатушы сөмкесінің ішінен 130 мың теңге ұрланғанын айтып арызданған. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен өзгенің ақшасын қолды еткен күдіктіні анықтады. Ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Бір тәулік ішінде күдікті ұсталды. Айғақты зат ретінде қолды болған ақша тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылған.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Белгілі болғандай, 65 жастағы зейнеткер дүкенге мата алу үшін келген. Содан соң айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөмкедегі ақшаны алып кеткен. Зейнеткер бұрын сотты болған. Бүгінгі таңда ол қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді департаменттегілер.