433
Ұрлық фактісі Астана қаласындағы сауда орындарының бірінде күндізгі уақытта болған. Ер кісі сыра ішіп тұрып, сатушының басқа бутикке кеткен сәтін пайдаланған. Ол сөре үстіндегі ұялы телефонды ашық түрде алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ұрлық әрекеті ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 200 мың теңгені құрап отыр.
Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер кісі ұрланған ұялы телефонды белгісіз біреуге сатып жіберген.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрлық жасаған тұрғын кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде»,-деді Полиция департаментіндегілер.