​Елімізде талапкерлердің грант конкурсына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Теги: ,
382

Талапкерлердің көптеген сұраулары мен өтініштерін ескере отырып, білім беру гранттары конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімі 22 шілдені қоса есептегенде 2 күнге ұзартылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіндегілер мәлімдеді.

Бүгінгі таңда шекті межеден өткен 103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына құжат тапсырған. Өткен жылмен салыстырғанда 88 мың үміткер шекті деңгейден асқан болса, гранттық байқауға 77 мың адам қатысқан. Осы көрсеткішті ескере отырып, биыл 92 мың өтініш қабылданады деп күтілуде.

«Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлерге келесі құжаттар қажет: жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, орта білімі туралы аттестат (ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін диплом) және жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар. Медициналық анықтаманы тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсыру қажет» делінген министрлік мәліметінде.

Предыдущая запись
Сотрудники футбольного клуба «Кыран» четвертый год не могут получить зарплату за 2018 год
Следующая запись
Муж избил жену за 10 млн тенге, которые она собирала на дом

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню