Елімізде мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақыты қысқаруы мүмкін

Теги: ,
453

Қазақстандық оқушылар енді жазғы каникулға екі апта кешігіп шығуы мүмкін. Тиісінше оқу маусымы ұзармақ.

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің тиісті бұйрығы ашық талқыға шығарылды. Бұйрықтың түсіндірме жазбасында жоба «Білім туралы» заңның 5-бабы 14-тармақшасына сәйкес әзірленгені көрсетілген.

«Бұйрық жобасы орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңін айқындайды.

Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, «күрделі» тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамыта оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту арқылы өткен оқу жылында білімнің бір бөлігін жоғалту тәуекелін, құқық бұзушылықтарды қысқарту, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеу мен сырқаттанушылығын төмендету көзделіп отыр» делінген комитет бұйрығында.

Предыдущая запись
Акимат Шымкента: сахара-песка в городе достаточно
Следующая запись
Қостанайда жедел жәрдем көлігі аударылып, фельдшер мерт болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню