312
Түркістан облысы, Жетісай ауданында аяғы сау адам мүгедектерге арналған арбаға отырып, қайыр сұрап келген. Халықтың аянышын тудырып, көзбояушылық жасап келген ер адамды полицейлер анықтаған. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Орталық базарды қайыр сұрау ордасына айналдырған ер азаматпен бірге тағы екі тұрғын анықталыпты. Үшеуіне де Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы бойынша хаттама толтырылған.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қайыр сұраушыларға полицейлер тарапынан бұған дейін де бірнеше рет ескерту берілген екен. Алайда олар алақан жаюды тоқтатпаған соң енді айыппұл арқалап отыр.