​«Прокурордың әйелімін». Желіде бейтаныс келіншектің күзетшімен боқтасқан видеосы тарады

Теги: ,
376

Әлеуметтік желілерде белгісіз келіншектің мекеме күзетшілерімен боқ ауыз сөзді қарша боратып, жанжалдасқан сәтінің видеосы тарады. Кейбір пабликтердегі жазбада бұл келіншектің Қызылорда облысы прокурорының әйелі екені жазылған.

Видеодан жанжалдың автотұраққа қатысты шыққанын түсінуге болады. Келіншектің айтуынша, тұраққа көлігін қойған оған күзетші дөрекі сөйлеп, тіпті боқ ауыз сөзбен көлігін онда қоюға болмайтынын айтқан. Осыған ашуланған келіншек шу шығарды. Кейіннен күйеуі прокурор екенін, барлықтарының аяғын бір етікке тығатынын айтады. Осы сәтте күзетші мен келіншектің жанжалын басу үшін мекеме қызметкері кіре-беріске шығады. Алайда өзін прокурордың әйелімін деп таныстырған келіншек «барлықтарың мамбеттсіңдер» деп жағдайда әрмен қарай ушықтырады.

Аталған бейнежазба желіде қызу талқыланып жатыр.

Қызылорда облысының прокуратурасы шулы видеоға қатысты пікір білдірді.

«Әлеуметтік желіде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшілерге дөрекілік жасады» деген сипатта бейнежазба тарап жатыр. Бұл — шындыққа жанаспайтын ақпарат. Облыс прокурорының әйелінің аты жөні — Бижанова Татьяна Анатольевна. Ұлты — орыс. Таралған видеодағы басқа әйел. Жала жауып, жалған ақпарат таратушыларға заңмен көзделген тәртіпте жауапкершілік қаралатынын назарға саламыз» делінген ведомства таратқан мәліметте.

Белгілі адвокат Тілеужан Кішкенебаев бұл жағдайда қылмыстық іс қозғалатынын алға тартты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

«Қылмыстық кодестің 131-бабында адамды қорлау, оны балағаттауға тыйым салынған. ⠀

Баптың бірінші бөлігі бойынша, яғни әңгіме арасында біреуге бетпе-бет тіл тигізгені үшін 100 АЕК (277 800 теңге, 2020 жылы 1 АЕК = 2 778 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе ол адам 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады. ⠀

Баптың екінші бөлігінде интернетте, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе көпшілік алдында қорлау қарастырылған. Бұл жерде айыппұл әлдеқайда көбірек, 200 АЕК (555 600 теңге) немесе 180 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмысқа тарту» деп жазды адвокат.

https://www.instagram.com/tv/CgM_Q-9ozQR/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Предыдущая запись
​Гибель офицера в Аягозе – родственники не верят в версию самоубийства
Следующая запись
ЕGov mobile қосымшасында енді деректерді тіркеу жеңілдей түсті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню