Түркістан мен Шымкенттегі денсаулық сақтау саласының лауазымды қызметкерлеріне сот үкімі шықты

Теги: ,
456

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша департаменті басшыларының орынбасарлары пара алды деген айыппен сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілердің мәліметінше, Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасарына қатысты айыптау үкімі шыққан. Ол «KAUSAR KLINIKASY» ЖШС басшысы мен «Низам Ата» ЖШС өкілінің делдалдығы арқылы 800 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 27 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Дәл осы үкіммен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасарына және «KAUSAR KLINIKASY» ЖШС басшысына, «Низам Ата» ЖШС-нің екі өкіліне 2 миллионнан 20 миллион теңгеге дейінгі түрлі айыппұл салынды.

Сот Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасарын «Низам Ата» ЖШС өкілінің делдал болуы арқылы клиникалық тәжірибе алмасуға жіберу үшін маман сертификатын бергені үшін жалпы сомасы 60 мың теңге болатын жүйелі парақорлыққа кінәлі деп таныды.

Сотталғандар өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Предыдущая запись
Бас прокуратурада активтерді қайтару жөніндегі комиссия отырысы өтті
Следующая запись
Мешала спать: сосед задушил собаку

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню