Бас прокуратурада активтерді қайтару жөніндегі комиссия отырысы өтті

Теги: ,
317

Бас прокуратурада Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Енді комиссия жұмысының барысы туралы халықты жедел хабардар ету үшін арнайы веб-сайт құрылатын болды. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста Президенттің тауар нарығын монополиясыздандыру және капиталды қайтару туралы тапсырмасын жүзеге асыру жөніндегі бірінші кезектегі шараларды орындау мәселелері талқыланды.

Комиссия төрағасының орынбасары – Бас Прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов комиссияның барлық іс-әрекеттері құқықтық нормаларға толық сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, құқық қорғау және мемлекеттік органдар адал бизнеске қатысты асыра сілтеулер мен теріс пайдаланушылықтарға жол бермеуге міндетті.

Экономикалық ресурстарды шектеулі адамдардың қолында заңсыз шоғырландыруға ықпал еткен жағдайларды анықтау басымдық ретінде белгіленді.

Ол үшін талдау жұмыстарына назар аударған жөн. Ал жоспардан тыс тексерулерді тек заңда тікелей көзделген ерекше жағдайларда ғана жүргізу керек.

Жиын қорытындысы бойынша жұмыс тобының мүшелері комиссия алдында тұрған міндеттерді сапалы орындауға бағытталған қызметті жандандыру жөнінде пікір алмасты.

Атап айтқанда:

1) Жоғары маржиналды мемлекеттік активтерді жекешелендіру және сатып алу;

2) Үстеме табыс әкелуге мүмкіндік беретін экономика секторларында, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласында бәсекелестікті жою немесе шектеу;

3) Мемлекет мүдделеріне залал келтіре отырып, жеңілдетілген салық салу, тарифтік саясат және тағы да басқа артықшылықтарды енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану. Ауыр өнеркәсіп, қаржы секторы, құрылыс және экономиканың басқа да салаларындағы жекелеген компаниялардың табыстылығын ұлғайту үшін жекелеген адамдарға негізсіз қолайлы жағдай жасайтын алғышарттарды анықтау мақсатында талдау жүргізеді.

Бұдан өзге комиссия жұмысының барысы туралы халықты жедел хабардар ету үшін арнайы веб-сайт құру туралы шешім қабылданды. Осы жұмысқа қоғамды тарту үшін сайтта арнайы бөлім құрылады. Ол арқылы әрбір адам хабарлама жібере алады немесе комиссия қызметінің мәселелері бойынша ұсыныс енгізе алады.

Отырыс қорытындысы бойынша экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл және активтерді қайтару жөніндегі іс-шараларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырма берілді.

Предыдущая запись
​Чиновники от здравоохранения осуждены за взятки
Следующая запись
Түркістан мен Шымкенттегі денсаулық сақтау саласының лауазымды қызметкерлеріне сот үкімі шықты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню