Шымкент тұрғыны жалғыз өзі 71 үйге ұрлыққа түскен

Теги: ,
451

Полицейлер 70 пәтер ұрлығын жасап, қамауда отырған ер адамның тағы бір ұрлыққа қатысы барын анықтады.

Соңғы жағдайда Қазығұрт ауданының тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне түнгі уақытта ұры түсіп, жатын бөлмесінде тұрған бағалы алтын бұйымдарын жымқырып кеткен. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 200 мың теңгеге жуық.

«Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, пәтер ұрлығымен айналысқан белгісіз адамды іздеуге кірісті. Тәртіп сақшыларының тыңғылықты атқарған жұмысының нәтижесінде күдіктінің жеке басы белгілі болды. Яғни күдікті осы уақытқа дейін істі болып, 70 жайт пәтер ұрлығына қатысы бар шымкенттік ер адам болып шықты.Сондай-ақ сезікті қазіргі таңда ірі көлемде бірнеше сериялы ұрлық қылмысын жасағаны үшін Қазығұрт АПБ-да қамауда отыр. Ол жауап алу барысында, жоғарыдағы жәбірленушінің үйіне ұрлыққа түскенін толығымен мойындаған», — деді Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті ер азаматтың бұдан бөлек басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Предыдущая запись
Шымкент: жас қызды пышақпен қорқытқан күдікті қамауға алынды
Следующая запись
​Шымкентте көше тазалаушыларға сусын таратқандар жүректі елжіретті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню