Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның жас қызды пышақпен қорқытқан бейнежазбасы тараған болатын. Аталған қылмысты жасауға оқталған күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел іздестіру шарасын жүргізді. Барлық куәгерлерден сұрастырып, бейнекамераларды қарады.
Тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізуінің нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекен-жайынан анықтап, ұсталды. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде, деп хабарлады Полиция депатаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұл жағда Нұрсат мөлтек ауданында болды. Қолында пышағы бар ер адам түнгі уақытта көшеде телефонмен сөйлесіп тұрған кезінде қорқытқан. Жәбірленушінің көмек сұраған даусынан үй иесі сыртқа шығып келе жатқанда күдікті тез арада ізін суытып үлгерген болатын