403
Шаңырақ көтеру тойында бапкердің шәкірттері ұстазына арнап, ерекше тосын сый жасады. Тойдағы сәттің видеосын қалыңдық өзінің ТікТок парақшасына жүктеді.
Онда ортада жеті шәкірттің каратэ трюктарын көрсеткенін көруге болады. Үйлену тойының қонақтары балалардың бұл сыйына риза болды. Видеоны көрген желідегілер мұндай шәкірт тәрбиелеп отырған бапкерге бақыт тілеп, балаларға сәттілік тіледі.
«Керемет», «Жарайсыңдар», «Құдай қаласа біз де ағайымыздың тойында осындай тосын сый жасаймыз», «Күшті», «Бапкер қандай бақытты, балаларға сәттілік», «Ана кішкентай бала да аяғын көтеріп қояды. Мықты, бақытты болыңыздар» деп жазды желі қолданушылары.