Құтқарушылар Төлеби ауданындағы Ақсу өзенінде екі аптадан бері тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына үндістандық студенттердің бірінің әкесі мен ағасы да барды. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жұмысына куә болып, алғысын айтқан үндісандықтар суға кеткендердің денесі табылатынынан үміт үзбейтінін жеткізді.
Мамандар қазір әуеден барлаумен қоса жаяу іздеуді де күшейткен.
— « Тікұшақпен өзен бойының екі мың шақырымдай бойы жіті қаралды. Іздестіру жұмысынажЖалпы 52 адам тартылып, жаяу іздестіру жұмыстары жалғасын табуда. Қазіргі таңда зерделеп қарап, өзіміз баға беріп отырмыз, шомылған жерден 50-60 метр жерлерде суға батып кеткен екі студенттің денесінің судың астында жатуы әбден мүмкін. Сол себептен департаменттің жедел құтқару жасағының бес қызметкері 24 сағат тәулік бойы кезекшілікке қалдырылған. Студенттерд суға батқан жердің тереңдігі 14 метрге жетеді. Қазір су деңгейі 2,5 метрге дейін азайып, біршама бізге жеңілдік туып тұр. Соған қарамасан жұмысты тоқтатып жатқан жоқпыз. Негізгі ережеге сәйкес іздеу жұмыстары он күннен соң тоқтауы тиіс болатын. Алайда біз туыстарының талап тілегімен бұл жұмыстарды жалғастыра береміз,- деді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов.
Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының 21 студенті 26-маусым күні Төлеби ауданына демалысқа шыққан. Барлығы Үндістан елінің студенттері. Ақсу өзенінде шомылу кезінде олардың бірін ұйық тартып кетіп, оны құтқарамын деген екіншісі де суға кеткен болатын.