421
Оқыс оқиға қала іргесіндегі Бор тауы кентінің аумағында болған. Іздеуге кіріскен Жедел құтқару жасағы 1991 және 2003 жылғы ағайынды жігіттердің мүрдесін судан шығарды. Алдағы күндері ауа температурасы +42 градусқа дейін көтерілетінін хабарлаған БҚО ТЖ суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіп отыр.