​«Мәдениетсіз министр». Дәурен Абаевтың ақ жаулықты анаға берген жауабы ел ашуын тудырды

Теги: ,
361

Түркістан халқымен кездескен Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың басы дауға қалды. Шенеуніктің ақ жаулықты ананың айтқан өтінішіне берген жауабына көпшілік ашуға булықты.
Түркістандық зиялы қауыммен кездескен министрге зейнеткер көпті толғандырып отырған мәселені көтереді.

«Үндінің киносында біреуі піл, бірі әйел, бірі жылан, енді бірі шал болады. Қарап тұрсаңыз, ол киноны көріп, 4-5 дінге кіріп кетеміз»,-дейді ақ жаулықты ана. Алайда министр әжейге «көрмей-ақ қоймайсыз ба?» деп жауап береді.

«Көріп жатқан жоқпын, жұрт көрген соң айтып жатырмын ғой. Жұрт көріп жүр оны»,-дейді әжей.

Осы сәтте Дәурен Абаев үнді сериалы еліміздің қай телеарнасында көрсетіліп жатқанын сұрайды. Зейнеткер телеарналар атауын тізіп шыққаны сол еді министр «Теледидар пульті қолыңызда ғой, басқа арнаға ауыстыра салмайсыз ба?» деп жауап береді.

Предыдущая запись
​»Министр без культуры» — ответ Даурена Абаева пожилой женщине возмутил пользователей казнета
Следующая запись
Түркістан облысы: Бәйдібек ауданындағы үңгірден 48 000 жыл бұрынғы тіршілік анықталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню