Орал: белгісіз біреулер полиция бекетін қиратып кетті

Теги: ,
377

Ғимараттың терезесін сындырып ішке кірген қаскөйлер мұндағы дүние-мүлікті бүлдірген. Бірақ шыны шкафтың ішіндегі компьютерлер ғайыптың күшімен аман қалыпты. Оралдықтардың айтуынша, мұндағы компьютерлерде көлік иелеріне қатысты маңызды мәліметтер сақталуы мүмкін. Қаскөйлердің осы деректерді қолға түсіріп, теріс мақсатта пайдалануы да ғажап емес.

— Мұндай келеңсіз оқиғаның орын алғаны рас. Белгісіз біреулер ғимаратқа түнде ұрланып кірген. Бірақ қазір бұл бекет жұмыс істемейді. Дегенмен ғимараттың өзі және ондағы дүние-мүлік БҚО ПД балансында. Мемлекет мүлкінің бүлінгені туралы дерек тіркеліп, қазір осы іске қатысы бар күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметкері Дариға Мәжитова.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бекет үш жылдан бері иесіз тұр. Сол кездегі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ел ішіндегі полиция бекеттері жаппай жабылып, шекаралас аймақтардағы бекеттер ғана қалатынын мәлімдеген еді. Осыдан кейін жол бойындағы стационарлық бекеттердің қызметі тоқтатылды. Ал ғимараттың өзін жергілікті әкімдіктерге жолаушыларды жылыту пункті және өзге де қиын жағдайларда пайдалануға беру ұсынылды. Бірақ бұл нысандарға әзірге ешкім қызығушылық танытпады.

Предыдущая запись
Орал: 2,5 млрд теңгеге бағаланған киік мүйізін Ресейге тасығандар сотталды
Следующая запись
Суд над экс-министром: Биртанов обратился к президенту

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню