353
Жазатайым жағдай Қаратау ауданы Қайнарбұлақ ауыл округіндегі жекеменшік бассейндердің бірінде болған. Бала ол жерге ата-анасымен суға түсуге келген. Қас қағым сәтте қараусыз қалып, абайсызда суға құлап, батып кеткен. Алты жасар бала құтқару шеңберінде шомылса да, ол оған көмектеспеді,-дейді төтеншеліктер. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.