Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Ұлттық домбыра» күні аталып өтті

Теги: ,
350

Елуден астам жас домбырашылар бір мезетте ұлттық аспабымызда күй шертіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Түлкібастықтар «мектебіңе домбыра сыйла» акциясын саурандықтарға жолдады. Былтыр Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай осы ауданда бастау алып, биылғы «Балалар жылы» аясында жалғасын тапқан «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы аудандық мәдениет үйінде қорытындыланды.

Маңызды шараның мектеп оқушыларының домбыраға деген құмарлығын оятып, ұлттық өнерді меңгеруіне ықпал етері сөзсіз. Осы ретте мереке күнге орайластырылған шара барысында Тұрар Рысқұлов мектебінен кейін эстафета тізгінің ұстаған Бауыржан Момышұлы мектебінің домбыра үйірмесіне 50 домбыра сыйға тартылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Бақытжан Иманбаев.

Мұнан соң эстафетаны аудан әкімінің орынбасары Ербол Керімбекұлы саурандық әріптесі Серік Өмірханұлына табыстады. Тиісінше Серік Өмірханұлы саурандықтардың атынан естелік сыйлығын табыс етіп, аудан жұртшылығын айтулы мерекелерімен құттықтады.

Жиын жалғасы аудандық өнер мектебінің жас өнерпаздары мен аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында бастау алған акция барысында аудандағы мектептерге сол мектептің түлектері, депутаттар мен кәсіпкерлер, ардагер ұстаздар мен ауыл тұрғындары тарапынан 400-ге жуық домбыра сыйға тартылды.

Предыдущая запись
Благотворительное такси заработало в Казахстане
Следующая запись
Шымкент: жарты миллионның желілік кабелін ұрлаған азамат сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню