Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 24-27 маусым күндері онлайн форматта географиядан Еуропалық олимпиада (EGeO) өтті.
Еуропалық зияткерлік сайысқа география пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Еуропалық география олимпиадасының қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы №1 ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Ерзат Имамай ІІІ дәрежелі диплом мен қола медальға ие болды.
Балқан олимпиадасы ретінде танымал Еуропалық география олимпиадасы – 12 мен 19 жас аралығындағы мектеп оқушылары үшін жыл сайынғы жарыс. Жарыстар жеке сипатқа ие және екі жас санатында – 12-15 және 16-19 жас аралығында өтеді.
VIII Еуропалық географиялық олимпиада қашықтан өткізілді және Беларусь, Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Литва, Латвия, Эстония, Сербия, Словения, Румыния, Чехия, Болгария, Босния және Герцеговина секілді13 елден 111 қатысушының басын біріктірді.
Шымкент қалалық білім бөлімі бұл олимпиаданың басты мақсаты – түрлі елдердің жастары арасында әлеуметтік байланыс орнату, халықаралық түсіністікті дамыту, жастардың географиялық және экологиялық зерттеулерге белсенді қызығушылығын ынталандыру екенін қосты.