Қазақстандағы көшбасшы: төрт жылда Шымкентке 1,5 триллион теңге инвестиция тартылды

Теги:
534

​Бұл көрсеткіш бойынша қала 2021 жылдан бері республикада бірінші орында тұр.

Ал биылғы бес айда қалаға тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,2 пайызға артып, 131,1 миллиард теңгені құраған. Бұл туралы елордалық Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

«Биыл қалаға жарты триллион теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда. 52 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба жүзеге асып, мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бес жоба іске қосылды», — деді әкім.

Еске салайық, алдағы бес жылда жергілікті бизнесті дамыту және инвестиция тарту мақсатында 20 мың жұмыс орнын құрумен 2,6 триллион теңгені құрайтын 242 жобадан тұратын пул қалыптастырылған. Биыл 159,7 млрд теңгеге 50 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ Мұрат Әйтенов қала республикалық мәртебеге ие болған төрт жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға — 492,3 миллиард теңгеден 785,4 миллиард теңгеге дейін өскенін айтты. Осы кезеңде 2,6 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынса, оның бір миллионы – өткен жылы бой көтерген. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 30%-ға – 58 мыңнан 75,3 мыңға дейін өсті. Өнім көлемі алғаш рет триллион теңгеден асты.

Шымкент қаласы әкімінің айтуынша, қала бюджеті төрт есеге өсті: 2018 жылы 146,2 млрд теңге болса, 2022 жылы 573,7 млрд. Ағымдағы бюджеттің 47 пайызы әлеуметтік салаға, 21 пайызы даму жобаларына бағытталған.

Предыдущая запись
Лидер в РК: за четыре года в Шымкент привлечено 1,5 трлн тенге инвестиций
Следующая запись
Даурен Абаев встретился с художниками Туркестанской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню