498
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Орташа жалақы 23,3%-ға өсті.
Әкім «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 24 мыңға жуық мұғалімнің еңбекақысы 25 пайызға, 17 мыңға жуық мемлекеттік қызметкердің жалақысы 20 пайызға өскенін атап өтті.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 2022 жылдың бірінші тоқсанында орташа жалақы 23,3 пайызға өсіп, 216 867 теңгені құрады.