Ақтөбеде бірнеше отбасы бір күні өртеніп кетеміз бе деген қорқынышпен күн кешуде

Теги: ,
375

Олардың үйінің үстінен кернеуі 10 мың вольт электр желісі өтіп жатыр. Жақында ескі тоқ қысқа тұйықталып, өрт шыққан. Тұрғындар қауіпті электр сымын алып тастауды талап еткенімен, шенеуніктер оның иесін таба алмай жатыр.

Электр желісінен бірнеше рет от шыққан кезде тұрғындар алаңдай бастаған. Олардың айтуынша, бұл сымдардың ескіргені сонша, қашан тартылғаны ешкімнің есінде жоқ. Өткен аптада электр сымынан от шығып, шаруашылық нысандары өртенген.

«Күйеуімнің көлігі, гаражда жатқан қосалқы бөлшектер өртеніп кетті. От ағаштан ауысқан. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары ағашқа өрт электр сымынан тиген деп қорытынды жазып берді. Электр желісі тағы бір рет үзілсе, өрт шығады, бәріміз жанып кетеміз», — деп алаңдайды Ақтөбе тұрғыны Елена Алексеенко.

Жұрт электр желісі өзеннің арғы жағындағы бау-бақша ұжымына тартылған дейді.

«Жоғары кернеулі сыммен» көрші болуды қаламаған олар төрт жылдан бері қауіпті нысанды әріге көшіруді сұрап, бармаған жері жоқ екен. «Әкімдікке, «Энергосистема» мекемесіне, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне бардым, бәрі бір-біріне сілтейді. Электр сымдары ешкімнің де иелігінде емес. Болды! Олардың жауабы осы! », — дейді тағы бір тұрғын Зоя Алексеенко.

Әкімдіктегілер электр желісінің иесі табылмағанын айтады. Бірақ ресми иесіз деп те есептелмейді. Оны иесі жоқ деп танып, қала иелігіне аудару үшін көп уақыт керек.

«Тұрғындардың өтініші негізінде электр желісін иесіз деп көрсетіп, құжатын әділет органына бағыттаймыз. Бір жыл өткен соң ғана, соттың шешімімен коммуналдық меншікке алып, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне өткіземіз», — деді қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Амангүл Өрістемова.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, қалада ешкімнің меншігінде жоқ 160 инженерлік желі бар. Биыл 17-сі ғана шаһар иелігіне өткен.

Предыдущая запись
Шымкенттіктер арнайы бағдарлама бойынша жеңілдетілген баспанаға қол жеткізе алады
Следующая запись
Полиция Шымкента: дети в городе не пропадают, это фейк

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню