Түркістан: Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қабырғалары тұздана бастады

Теги: ,
364

Алты ғасырлық тарихы бар алып мавзолейді болашаққа бүтін жеткізу үшін бірқатар жұмысты тездетіп қолға алу керек. Өйткені мавзолейдің қабырғалары ылғалданып, құздана бастады, — дейді ғалымдар. Орта Азиядағы бірегей нысан бүгінге дейін жақсы сақталғанмен, бүліну бар деп алаңдайды мамандар. Ғалымдар бұған табиғи фактор ғана емес, адами фактордың да әсері барын алға тартуда. Қабырғалардың ылғалдануына кесене маңайындағы жер асты суларының көтерілуі мен киелі шаһарға сырттан келушілердің қарасы артуы да өзіндік себебін тигізіп жатқан көрінеді.

Амангүл Ақбасова, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Экология ғылыми зерттеу институтының директоры:


Бірінші кезекте тұздану дегеннен құтылу керек. Ол өте қауіпті жағдай. Бұлай жалғаса берсе кесенедегі құрылыс материалдары бүлінеді. Алдымен соны тоқтатуымыз керек. Оны тоқтату үшін әртүрлі тәсілдерді ойлап табуымыз керек. Оны табу үшін ылғал неден пайда болып жатқанын анықтауымыз қажет. Бұрын табиғи климаттық жағдайлар ғана әсер етеді десек, қазір антропогендік факторлардың үлесі өте жоғары болып жатыр. Түркістан облыс орталығы болмай тұрып бұл маңға қоқыстар тасталды. Кейін көл жасаймыз айналасынп деген кезде біз қарсы шықтық, оның қауіптілігін түсіндірдік. Ендігі мәселе осы тұздануды тоқтату.

Түркістанда бас қосқан сәулетшілер мен ғалымдар бірнеше себепті көлденең тартты. Соның бірі мавзолей маңындағы соңғы жылдары ауыстырылған төсеніш тастардың да ауа өткізгіштік қасиетінің жоқтығы себеп пе деген ойларын бүкпеді.

Мұқтар Қожа, тарихшы-археолог:


Біздің байлығымыз осы — Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ғой. Тарихи ескерткіштің алдында қаншама көркейту жұмыстары жүруде. Мен өзім ойлаймын, дәл алдына дейін бірәз өзгерістер жасалды. Көгалдандырып жатыр, шөп егіп, оларды суарып жатыр, басқа қып жатыр. Мәселен, кесененің алдында төселген төсеніштер кезінде қыш болатын. Ол қыш кірпіш деген өзі күйген болса да ылғал ауасы шығып тұратын. Дымқылғ ылғалды болса да оның кебуіне мүмкіншілік болатын. Кейінненоның бәрін басқа құрылыс материалдарымен алмастырып тастады. Тас материалдар төседі. Ал тастан бері қарай ылғал шықпауы мүмкін. Одан бөлек ылғал дуал ақрылы ред:қабырға арқылы да өтеді. Көптеген ескерткіштерде дуал арқылы шығады. Бірақ соңғы уақыттарда қабырғалардың тұздануы туралы көп айтыла бастады. Ылғалданып жатқаны алаңдатып отыр бәрімізді. Мамандар бұған бей-жай қарап жатқан жоқ. Сондықтан құрылыс материалдарының да әсері бар ма деген ой туады кейде.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Орталық Азиядағы ең үлкен архитектуралық ескерткіш. Мұндай биіктігі 18 метрлік күмбез Орталық Азияда осы ғана. Өзбекстан және Әзірбайжаннан келген сәулетшілер кесененің бүгінгі жағдайы табиғи қалыпты деп есептейді. Тек соңғы жылдары ылғал мөлшері артқан.

Мавлюда Юсупова, архитектор (Өзбекстан)

Бұның салынғанына 600 жылдан асты. Күмбезі де өте үлкен және ауыр. Мұнда екі күмбез бар. Уақыт өте келе мұндай ескерткіштер шөге бастайды. Бірақ Ясауи кесенесі әлі де жақсы сақталған деп айтуға болады. Қазір біз ылғалдану мәселесін көріп отырмыз. Үстінен жауын-шашын түссе, төменнен жерасты суларының көтерілуі байқалады. Бұл мәселелерді шешуге болады. Ол үшін су соратын дренаж жүйесін күшейту қажет. Су деңгейін ұдайы бақылап отыру керек. Кесененің төбесінен су өтіп жатқан жерлерін анықтап, бітеу керек. Бірақ қазіргі технологиядағыдай цемент пен бетонды жолатпау керек.

Өзекті мәселені шешуге мамандар білек сыбанып кіріскелі отыр.

«Президент әкімшілігінде арнайы жұмыс тобы құрылады. Біз өзіміздің ұсыныстарымызды береміз. Жалпы қанша қаражат қажет болса мәдениет министрлігі үкіметтің алдына осы мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды қояды.»- деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова.

Предыдущая запись
Директора ТОО в Шымкенте подозревают в хищении денег при строительстве детских площадок
Следующая запись
Шымкентцы могут получить льготное жилье по особой программе

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню