Шағын автобус жүргізген тәртіп сақшысы екпінін тежей алмай бағдаршамда тұрған скутер мен «Лада» көлігіне соғылған. Скутер тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ал жеңіл көліктің жолаушылары түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің тексеруінен соң үйіне жіберілген. Бұл апатқа автобус жүргізушісінің телефонға алаңдап кетуі себеп болған. Дегенмен оның офицер шеніндегі полиция қызметкері екендігі және сол кезде мас болғаны айтылды. Бірақ облыстық полиция департаменті мұны растамады. Ресми органның дерегінше, сот-дәрігерлік сараптама кезінде жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталған. Бірақ сот адам өліміне себеп болған полицейді екі айға қамау туралы санкция шығарды. Осы шешімнен кейін күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Орал: көлігімен жасөспірімді қағып өлтірген полицей қамауға алынды
323
Видео
Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті