Шымкентте 23 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады

Теги: , ,
399

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Адырбеков көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қазір мұнда құрылыс қарқын алуда. Ұзындығы 3,74 шақырымды құрайтын жол Алдияров көшесінен Тұрар Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.

Жоба аясында ені 23 метр болатын төрт жолақты жолдың екі жағына суару жүйесі мен жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер және жарық шамдары орнатылады.

Қазіргі уақытта жұмыстың 45 пайызы орындалды. Құрылыс 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

2018-2020 жылдары Адырбеков көшесінің Рысқұлов көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бір шақырымға жуық бөлігі жөнделді.

Бүгінде көшенің Жібек жолы көшесінен Тәуке хан даңғылына дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Асфальт жабынының екінші қабаты төселіп, инженерлік жүйелер ауыстырылып, жолдың негізгі қабаты дайындалуда.

Сонымен қатар, көшені күрделі жөндеу аясында 23 жер телімін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Предыдущая запись
23 земельных участка в Шымкенте вернутся в госсобственность
Следующая запись
Антикор и полиция задержали в Шымкенте несколько полицейских

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню