Орал: жөндеу бригадасының токқа соғылған екі қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр

Теги: ,
378

Жұмысшылар Орал қаласындағы электр жарығы өшіп қалған ықшамауданда жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жер астындағы үзілген кабельді жалғамақ болған екі қызметкер токқа соғылып, дереу жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліпті.

— Ауруханаға екі жұмысшы әкелінді. Олардың бірі, 32 жастағы жігіттің беті мен қол-аяғы күйіп қалған. Мамандардың айтуынша, ол 2-3 дәрежелі күйік алған, денесінің 15-16 пайызы күйген. Қазір ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы тұрақты. Ал 1979 жылғы тағы бір жұмысшының беті мен қол-аяғы, денесінің 55 пайызы (3-дәрежелі) күйіп қалған. Жағдайы ауыр болғандықтан, жансақтау бөлімінде жатыр, — деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға болған Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубекеров айтуынша, сол күні он шақты көпқабатты үйде, емхана мен спорт мектебінде, су сорғы стансасында жарық болмаған. Осыдан кейін «БҚ электр желілері компаниясы» ЖШС жөндеу бригадасы келіп, үзілген сымды жалғамақ болған. Сол кезде жұмысшыларды ток соғыпты. Жаралыларды бригада мүшелері өздері шығарып алған. Ал БҚО еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Асылұлан Досжанов осы оқиға туралы материал түскесін, арнайы комиссия құрылып, болған істің мән-жайы тексерілетінін жеткізді.

Предыдущая запись
Батыс Қазақстан облысы: өз мектебінен 22 млн теңге ұрлаған есепші олжасын құмар ойындарға жұмсаған
Следующая запись
23 земельных участка в Шымкенте вернутся в госсобственность

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню