Батыс Қазақстан облысы: өз мектебінен 22 млн теңге ұрлаған есепші олжасын құмар ойындарға жұмсаған

Теги: ,
383

«Теректі балалар музыка мектебі» МКҚК бұрынғы бас есепшісі Алексей Бердников қызмет бабын асыра пайдаланған. Мектеп директорының электрондық-цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдаланған ол екі жыл бойы интернет-банкинг арқылы қолма-қол ақшасыз есептесіпті. Осылайша жалақы мен өзге де төлемдерді өзінің жеке шотына аударып отырған. Сотталушы бұл олжасын ойын-сауық және букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, құмар ойындарға жұмсаған. Кейін оның бұл әрекеті анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Сот кезінде есепшінің 22 млн теңге мемлекет қаржысын жымқырғанын анықтады.

Теректі аудандық сотының үкімімен Алексей Бердников ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылды. Сот оның мүлкін тәркілемей, жеті жылға соттады. Сондай-ақ сотталушы түрлі жауапты мекемелерде қаржылық қызмет пен материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан бес жыл мерзімге айырылды.

Предыдущая запись
На Шестом Каспийском саммите Токаев поднял вопрос бедственного положения тюленей
Следующая запись
Орал: жөндеу бригадасының токқа соғылған екі қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню