Еліміздің үшінші мегаполисінде аулаларды абаттандыру жұмысы жалғасуда

Теги: ,
465

Шымкенттің Әл-Фараби ауданында қала күні мерекесіне орай төрт аула толығымен абаттандырылды.

«Әл-Фараби ауданы бұрын Дзержинский деп аталған. Ол Шымкенттің орталық және ең көп қоныстанған ауданы болып саналады, өйткені онда қаланың білім беру, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан. Аудан аумағында 372 көше, 776 көпқабатты үй, 21 886 жеке сектор үйі бар», — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жөндеу жұмыстары Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі №88-90, №92, №4 және Рашидов көшесіндегі №25б, 25В көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілді.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардың өтініштері негізінде Әл-Фараби ауданында 50 көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңдарын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, тоғыз жаңа ашық спорт алаңын орнату және тағы тоғызын жөндеу жоспарлануда. 28 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп толықтырды әкімдіктегілер.

Предыдущая запись
В третьем мегаполисе страны продолжается благоустройство дворов
Следующая запись
Свет и газ проводят в 276-й квартал Шымкента

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню