Шымкент қаласындағы «Нұртас» ықшамауданында инфрақұрылымдық қамтамасыз ету құрылысы жүргізіліп жатыр

Теги: ,
358

Қаратау ауданында орналасқан «Нұртас» шағын ауданында 2022 жылдың соңына дейін 653 абонент сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда ықшамауданда бағаналар орнатылып, электр желілері жүргізілді. Бұл жұмыстар 2021 жылы басталып, қазір құрылыс жұмыстарының 40%-ға жуығы аяқталды. Атап айтқанда, 600-ден астам электр бағанасы орнатылды, 2 шақырым электр желісі тартылды. Кейін «Южжарыктранзит» ЖШС тарапынан абонементпен жұмыс жүргізілмек.

Жоспар бойынша жарықтандыру жұмысы тамыз айында толық аяқталады. «Нұртас» ауданында 2022 жылы Тасанбаев пен Хан Тәңірі көшелері жарықтандырылады. Сонымен қатар, ауданды көгілдір отынмен қамту жұмысы жүргізілуде. Газ желілерінің жалпы ұзындығы — 15,7 шақырым, бүгінгі күні 75 пайызы тартылып болған.

Қаратау ауданы —Шымкент қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірлік, 2014 жылы құрылған. Аумағына «Нұртасты» қосқанда 28-ден астам елді мекен мен шағын аудан кіреді.

Предыдущая запись
Шымкентте «Жасыл ел» жасағының жаңа маусымы ашылды
Следующая запись
БҚО: токқа соғылып, екі қолы иығынан кесілген бүлдіршіннің оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню