Шымкентте Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды

Теги: , ,
399

Шымкентте Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша түрлі басқармалардың атқарған жұмыстары туралы есептері мен ұсыныстары тыңдалып, келесі тоқсанның кеңес төрағасы сайланды.

«Шымкентте бүгінде 90 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 51 тұрғын үй, 11 білім беру нысаны, 15 инженерлік инфрақұрылым нысаны, мәдениет және денсаулық сақтау саласының екі нысаны, төтенше жағдайлар саласының екі нысаны және ауыл шаруашылығы мен спорт саласындағы нысандар. Мегаполисте 2021 жылы 1 млн ш. м тұрғын үй, биыл – 1 млн 60 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», — деді қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев атқарылған жұмыстар туралы есеп бере отырып.

Ол сонымен қатар жақын арада жалпы ауданы 240 шаршы метрді құрайтын пәтерлер берілетінін хабарлады. Бұл бұған дейін айтылған 51 үйдегі үш мыңға жуық пәтер. Биыл алты білім нысаны пайдалануға беріледі, қалған бесеуі 2023 жылы тапсырылады.

Отырыста ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбаев баяндама жасап, Қоғамдық кеңес мүшелеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаның жаңа мөлшерлемесі туралы қаулыны ұсынды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды.

Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жұртшылық атынан Шалатай Мырзахметұлына алғыс айтып, марапатты табыс етті. Хатшы Кеңес төрағасы Бауыржан Әлтеевке бұрынғы төрағағажаңа төрағалыққа бірінші болып кандидат ұсыну құқығын беруді ұсынды. Ұсынысты кеңес мүшелері де бірауыздан қабылдады, және алдағы тоқсанда Қоғамдық кеңес жұмысын Бауыржан Әлтеев басқаратын болды.

Жаңа төраға жұртшылыққа алғысын білдіріп, жауапты жұмыста артылған сенімді ақтауға уәде берді.

Предыдущая запись
В Шымкенте избран новый председатель Общественного совета
Следующая запись
В Шымкенте и Туркестане 29 июня ожидается жара до +45 градусов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню