400
7 жасар қыз су құятын алюминий ыдысқа шомылғысы кеп түскен болуы мүмкін. 25 литрлік ыдысқа оңай кіргенмен шығар кезде кептеліп қалған. Жетісай ауданындағы Атакент ауылындағы бұл жағдай балақай үйде ата-анасының қарауынсыз қалған сәтте болған. 2015 жылы туылған қызды шығаруға Төтенше жағдайлар қызметінің 4 құтқарушысы жұмылдырылды. Құтқарушылар арнайы құрылғылардың көмегімен контейнерді қырқып баланы жарақатсыз босатып алды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы екенін айтқан төтеншеліктер ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.