Шымкенттік топ ресейлік «Сәлем, Андрей» шоуына қатысты

Теги: ,
490

Шымкенттік «TriStar» музыкалық тобы ресейлік «Сәлем, Андрей» шоуының қонағы болды.

Қазақстандық өнерпаздар түрлі мерекелік шараларда өнер көрсетіп жүріп, бағдарлама авторларының назарына іліккен. Саодат Естиярова elitar.kz тілшісіне сапар, түсірілім және музыканттардың ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарымен қалай танысқаны туралы айтып берді.

«Бағдарламаның тақырыбы ескі әндер болды, сондықтан олар түсірілім алаңына осы шығармаларға қатысы бар барлық жұлдызды жинаған. Бұл сексенінші жылдары ән салған Ресей эстрадасының жұлдыздары және сол жылдардағы әндерді қазір шырқап жүргендер. TriStar тобы қазақстандық нарықта дәл сексенінші жылдардағы әндердің арқасында танымалдылыққа ие болды. Біздің YouTube арнасында 25 миллион қаралым бар. Бізді жас бола тұра бұл әндерді неге орындайтынымызды сұрау үшін шақырған екен», – дейді Саодат. «Modern Talking, C.C. Catch, Bad Boys» видеосы 25 896 рет қаралып, видеоның астына көптеген пікірлер жазылған.

Ресейлік бағдарлама командасы бұл топтың интернет платформадағы концерттері мен табыстылығына қызығушылық білдірген. Олар шымкенттік өнерпаздарды жылы қарсы алған.

«Бізді өте жақсы қарсы алды! Ресей мен Қазақстанның бауырлас халық екені бірден аңғарылады. Түсірілім қарсаңында қонақүйге келіп, келесі күні студияға бардық. Бағдарлама үш сағат тоқтаусыз түсірілді. Кішігірім үзілістер болды. Бұдан олар бір жарым сағатқа созылатын бағдарлама дайындайды. Біз қобалжыған жоқпыз! Бізбен бірге дастархан басында үлкен жұлдыздар отырғанына қарамастан, олардың барлығы өте қарапайым, бәрі көңілді болды. Біз киім ауыстыратын бөлмеде дос болып кеттік. Сахнаға шыққанымызда бәрі қалыпты және толқусыз өтті. Біз бірінші рет осындай үлкен экранға шықтық, алған әсерімде сөзбен айтып жеткізе алмаймын», — деп бөлісті топ өкілі.

Саодат өзінің атақ-даңқына қарамастан, Андрей Малахов жігіттермен өте жақсы араласып, музыкаға би билей бастағанын күлімсіреп атап өтті.

«Малахов өз ісінің кәсіби маманы! Ол кәсіпқой жүргізуші, журналист, бағдарламаны қалай жүргізеді, мен мұндайды ешқашан көрген емеспін. Олардың бағдарламаны қалай ұйымдастыратыны бөлек әңгіме, сахнаның артында жүздеген адам жүреді. Шоудың соншалықты танымал болғаны таңқаларлық емес, бұл ұйымдасқан командалық жұмыс!» – деді әртіс elitar.kz тілшісіне.

Қазақстандық Саодат Естиярова, Никита Стрельцов және Рахым Самидинмен бірге сахнада нағыз жұлдыздар өнер көрсетті. Шымкенттік «TriStar» тобын және басқа да жұлдызды қонақтарды «Сәлем, Андрей!» бағдарламасының жаңа эфирінен көретін боламыз.

Алиса Бойко, elitar.kz сайты үшін

Предыдущая запись
​На шоу «Привет, Андрей» попала шымкентская группа
Следующая запись
Мефедрон и экстази: двое студентов попались на фасовке «синтетики» в Шымкенте

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню