17 маусым күні сағат 07:50 шамасында бірнеше мәрте жол ережесін бұзған 18 жастағы көлік жүргізушісі анықталды. Оқиға Әбілқайырхан — Р.Ғабдиев көшелері қиылысы тұсында орын алған. Қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде қарсы бағытпен және маневр ережесін бұзып, сондай- ақ артпен қозғалыс жасап, қозғалыс кезінде жолаушысы көлік құралының терезесінен басын шығарып келе жатқан. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Nissan Altima автокөлігін тоқтатқан кезде автокөліктің мектеп бітіру кешінде кортежде жүргендігін анықтайды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, 18 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 5 бөлігімен әкімшілік хаттамалар жасақталып, барлығы 229 725 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ол қасындағы екі жолаушының әрқайсысына 6 126 теңге көлемінде айыппұл салынды.