Атырауда терроризм туралы жалған хабарлама берген 5 азамат жауапкершілікке тартылды

Теги: ,
390

Бұл туралы Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин мәлімдеді. Өңірде күні бүгінге дейін терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша бес қылмыстық құқық бұзушылық ісі тіркеліп, екі іс сотқа жолданған.

«Қылмысты жасаудың себеп-салдары кәсіпорын немесе мекеменің жұмысын тоқтату және мектеп сабақтарын болдырмау болып табылады. Көп жағдайда адамдар қызықты әзілге айналдыра берген жалған ақпарат әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылатындарын сезіне бермейді, -деді А.Тайтуллин.

Сондай-ақ, қала прокуратурасы үй ішінде жарылғыш заттарды дайындауды үйрететін екі сайтты бұғаттағанын жеткізді.

Айта кетейік, ҚР қылмыстық кодексінің 273-бабында, яғни терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлаған үшін ең қатаң жаза 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Предыдущая запись
Атырау облысында Жайық өзеніне суға батып кеткен жасөспірімді іздеп жатыр
Следующая запись
Дмитрий Муратов продал нобелевскую медаль за $103,5 млн

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню