326
Қайғылы оқиға қала маңындағы Жұлдық ықшам ауданында болды. Үй алдында трактор шұңғыр қазып жатқан кезде су құбыры істен шыққан. Оны жөндемек болған 23 және 33 жастағы қос азаматтың үстіне топырақ опырылып түскен. Шұңқырдан олардың денелері шығарылды.
«Жұлдыз мөлтек ауданында үй жанында шұңқыр қазу кезінде су құбыры жарылып, топырақ астында қалған 1989ж.т., 1999ж.т., екі ер адам қайтыс болды. Тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша жариялануға жатпайды»,- деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.