Шымкентте Достық шағын ауданындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады

Теги:
451

Клиенттерге теориялық емтихан тапсыру және көлікті тіркеу қызметтері көрсетілмейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты «Достық» ауданындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы 20 маусымнан бастап жартылай жабылатынын хабарлайды. Жөндеу жұмыстары 40 күнге созылады деп жоспарланып отыр.

Жөндеу жұмыстарына байланысты теориялық емтихан тапсыру және көлікті тіркеу мүмкіндігі болмайды. Клиенттерге тек автодромда емтихан тапсыру және дайын құжаттарды беру қызметі көрсетіледі.

Теориялық емтиханды Шымкент қ., Қ. Төлеметов көшесі, 35 мекен-жайында тапсыруға болады. Дайын құжаттарды беру секторы бұрынғы тәртіпте сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Клиенттерден бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Еске салайық, автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы қайта тіркеуге болады. Сондай-ақ, клиенттер автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу үшін келесі мекенжайлар бойынша орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады:

No2 арнайы ХҚКО: 119 квартал, Ташкент айналма жолы, 381/1.

No3 арнайы ХҚКО: Қызылжар ауданы, Жеделібайсын көшесі, 92. «Бекжан-комфорт» сауда үйі.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жм., 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліссіз.

Предыдущая запись
В Шымкенте автоЦОН в мкр Достык будет частично закрыт из-за ремонта
Следующая запись
​Счетный комитет: страна живет не по средствам

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню