Мегаполисте биыл күрделі жөндеуден өтетін білім ұйымының бірі — №3 балалар үйі. Аталған балалар үйі 1937 жылы ашылған. Бүгінде мекемеге тиесілі 9 ғимараттың 6-ы сараптама қорытындысына сәйкес жарамсыз деп танылған.
Қала әкімі білім нысандарын аралау барысында №3 балалар үйінің күрделі жөндеу жұмысының барысын тексерді.
Екі қабатты ғимараттың едендері мен есік-терезелері ауысып, шатыры жөнделеді. Тозығы жеткен электр жүйесі, су құбыры мен кәріз және жылыту жүйелері толық жаңарады.
Айта кетейік, 50 орынға лайықталған балалар үйіндегі негізгі ғимарат 1964 жылы пайдалануға берілген. Мекемеде бүгінгі таңда 47 бала тәрбиеленіп жатыр. Қазір балалар үйінің негізгі ғимаратының сыртқы және ішкі бөлмелерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы жылдың сәуір айында жөндеу жұмысы басталғаннан, балалар №4 балалар үйіне орналастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық жасауды толығымен өз мойнына алады. Кәмелетке толғаннан кейін оның тәрбиеленушісі Жасөспірімдер үйіне барады, онда 29 жасқа дейін өмір сүре алады. Бұдан басқа, қорғаншылық және қамқоршылық органдары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үйді сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін есепке қою жөнінде шаралар қабылдауда. Тұрғын үймен қамтамасыз етумен қатар, Мемлекет тәрбиеленушілерге жоғары және орта арнаулы білім алу кезінде жеңілдіктер береді, мүмкіндігінше жұмысқа орналасу проблемасын шешеді, сондай-ақ ірі және орта бизнесті балалар үйлеріне қайырымдылық көмек көрсетуге ынталандырады.