414
Полицияға Ордабасы ауданының тұрғыны арызданған. Ер адамның айтуынша, оның мал бағатын бақташыларының бірі сеніп тапсырылған асылтұқымды қойларының ішінен әрқайсысы кемі 70 мың теңге тұратын 200-ден астам уақ малын талан-таражға салған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 000 000 теңгеден асады.
«Полицияның дерегінше, күдікті Арыс қаласының тұрғыны. Сезікті өзіне бағуға берілген малды былтырдан бері шетінен сата берген. Ол түскен ақшаны өзінің несиелері мен қарыздарын өтеу үшін қылмысқа барғанын мойындады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде,» — деді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдірахманқызы.