364
Кеше облыстық инфекциялық ауруханаға 7 бірдей адам уланып түссе, бүгін тағы 2 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Олар С.Датов көшесінде орналасқан жеке меншік «Afisha» дүңгіршегінен құс етінен жасалған донер тағамын сатып алып жеген,- деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешова. Мамандар тез тағам дайындау орнынан уланғандар саны артуы мүмкін дегенді айтты. Қазір Атырау қалалық полиция басқармасымен тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мекеме өз жұмысын уақытша тоқтатты. Ал, зардап шегулер жіті дәрігердің қалағалауында, — деді Ә.Бекешова.