Түркістан: өрттің түтініне уланған қыз полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде аман қалды

Теги: ,
361

13-маусым күні Кентау қаласындағы 5 қабатты үйден шыққан өртке алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция тобының инспекторлары полиция аға лейтенанттары Мұрат Жүйрікбаев пен Асылбек Рақмет жеткен. Тәртіп сақшылары келген бойда өрт болып жатқан пәтерге көтеріліп, оның темір есігін бұзуға әрекет еткен. Оларға басқа да тұрғындар көмектесіп, барлығы бірлесіп есікті құлатқан. Полицейлер пәтердің есігі ашылған бойда түтін болып жатқан үйге газдан қорғайтын аспапсыз кіріп кеткен. Мұндағы басты мақсаттары үйдегі тұрғындарды мүмкіндігінше аман алып қалу. Өздерінің денсаулықтарына кері әсері тиетініне қарамастан полицейлер қою көк түтіннің ішіне еніп, іштегі 10 жасар қызды алып шығады. Оны бірден сыртқа шығарып, жедел жәрдем көлігіне салып жібереді. Кіреберіске түтін жайлап жатқанын көрген полицей М.Жүйрікбаев, қолындағы қаруын пайдаланып, ыс шығып кету үшін терезесін сындырады. Осы сәтте қолынан жарақат алған. Десекте оған қарамай, жұмысын абыроймен атқарып шыққан. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Кентау ҚПБ-нің жеке құрамы толық жұмылдырылған, деп баяндайды оқиға барысын Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Өрт болған үйде ешкім жоқтығына көз жеткізген полицейлер көршілерінің де үйде қалып кетпеуін қадағалапты. Осы мақсатта полиция аға лейтенанты Хусан Исаев басқа пәтерлерді қайта қарап шығып, темір есік құлаған сәтте есігін ашып шыға алмай қалған көрші жас әйелді байқап, оны қауіпсіз аймаққа шығарған. Бұл оқиғаның барлығы полицейлердің бейнежетонына жазылған.

Өз кезегінде пәтер тұрғындарын құтқарып, өртті ауыздықтауға ат салысқан полицейлер:

«Ақпаратты алысымен жедел, небәрі 2 минутта оқиға орнында болдық. Содан бірден 5-қабатқа көтеріліп, пәтердің есігін бұздық. Іштен қызды, басқа да бірнеше көршілерін алып шықтық. Қазіргі таңда қыздың жағдайы жақсы екенін естідік. Осы үшін қуанамыз. Ең бастысы адамдардың амандығы, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы. Осы бағытта шаршамай қызмет ете береміз. Алайда кішкентай ұл баланы құтқара алмай қалғанынымызға өкінеміз»-деп атап өтті.

Аталмыш үйдің басқа да тұрғындары қауіпсіз жерге өз күштерімен шыққан. Тілсіз жаудың орын алуына электр жүйесінің тұйықталуы немесе балалардың отпен ойнауы себеп болуы мүмкін дейді тиісті орган. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Оқыс оқиға Кентау қалалық полиция басқармасына ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігімен «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Еске салайық, Кентау қаласында көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Үйде 2 кәмелет жасына толмаған жасөспірім болған. Өрт болып жатқанын көрген жасөспірім ұл бала қорыққанынан 5-қабаттан секіріп кеткен. Ал үйдегі 10 жасар қыз ысқа уланып қалды. Екеуі де аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, 5-қабаттан секірген 8 жасар бала ауруханада қайтыс болған.

Предыдущая запись
Түркістан облысының полицейлерімен жыл басынан бері заңсыз айналымнан 130 келіге жуық есірткі заты тәркіленді
Следующая запись
Ақтөбе: Марат Оспанов атындағы медицина университетінің түлектері емтиханнан алған бағамен келіспей, тест нәтижесін қайта қарауды талап етіп отыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню