Жыл соңына дейін Шымкенттің бірқатар шағын аудандары кәріз жүйесіне қосылады

Теги: , ,
392

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың бірнеше шалғай шағын аудандарында болып, кәріз желілерін тарту жұмыстарының қалай жүріп жатқанын тексерді.

Ұлағат шағын ауданында ауқымды шаруа жыл соңына дейін аяқталады. Мұнда ұзындығы 40,9 шақырымға созылатын құбырдың 40 пайыз жұмысы орындалып қойды. Жүйе 2 248 абонентке лайықталған.

Өткен жылы құрылысы басталған нысанды пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың қарашасына жоспарланып отыр. Құрылысты «Алемстрой-1» мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Сонымен қатар, шағынаудан ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен толық қамтылған. Аумақтағы жалпы 53 көшенің 31-і асфальтталған. 2022-2025 жылдар аралығанда 11 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.

Кәріз жүйесі Мирас шағынауданында да тартылуда. Мұнда 980 үй қоныстанған. Қазір онда 1 мектеп пен 6 балабақша орналасқан. Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Қазіргі сәтте кәріз жүйесін тарту құрылысы жүргізілуде.

Жобаға сәйкес, ұзындығы 50,4 шақырым кәріз жүйесі салынып, ары қарай Шапағат-2 шағынауданына ұзартылады.

Бүгінде құрылыстың 38 пайызы орындалған. Қолданысқа беру мерзімі осы жылдың қарашасына жоспарланып отыр. Құрылысын жүргізіп отырған «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС. Оның техникалық қадағалаушысы «Тұран құрылыс» мекемесі.

Айта кетейік, биыл қалада 14 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жыл қорытындысымен 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесіне қосылады. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 54%-дан, 60%-ға өседі.

Предыдущая запись
​До конца года в ряде микрорайонов Шымкента появится канализация
Следующая запись
В павлодарских школах ведется масштабное обновление инфраструктуры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню