Шымкент: жиһаз сатамын деп алданып қалды

Теги: ,
387

Полицияға арызданған келіншектің айтуынша, ескі жиһаздарын сату үшін ғаламтор желісі арқылы жарнама берген. Жәбірленушіге мобильді мессенджер арқылы белгісіз азамат жиһаз сатып алғысы келетіні туралы жазып, өзі жіберген сілтемеге өтіп, курьерлік жеткізу тапсырысын растауды сұраған. Азаматша жалған сатып алушының берген нұсқауларын орындап, сілтеме арқылы шыққан сайтқа банк картасының реквизиттерін енгізген, артынша оның шотынан белгісіз жағдайда 950 мың теңге шешілген. Ал қаскүнем әйелді мессенджерде бұғаттап тастаған.

— Киберқылмыскерлерді анықтау мақсатында жедел уәкілдер бірқатар іздестіру шараларын жүргізді, нәтижесінде екі жігіт анықталып, тұрғылықты жерінен ұсталды. Тінту кезінде күдіктілерден 6 ұялы телефон мен 21 симкарта тәркіленді», — деді Шымкент қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Абдраманов

Тергеушілер ұсталғандардың осы тәріздес тағы 17 қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Алаяқтардың айласына түскен азаматтар бүкіл ел бойынша барына сенімді полицейлер жәбірленушілердің саны артуы мүмкін екенін айтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Предыдущая запись
Двое детей и пожилая женщина отравились угарным газом в Усть-Каменогорске
Следующая запись
Шымкентте бір ауданның тұрғын үйлеріне ұрлыққа түскен азамат үш жылға сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню