Шымкент: «Балапан» бағдарламасы арқылы пайда тапқандар туралы жаңа деректер шықты

Теги: ,
342

«Жоқ» бала үшін мемлекеттің 45,7 млн теңгесін қалтаға басқандар жекеменшік үш балабақшаның басшылары. Бұл ақпаратты Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі айтты. Ербол Құрманбаевтың дерегінше, бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен бес адам ұсталған. Оның бірі кепілмен жіберіліпті.

 

«Қазіргі таңда «жымқыру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Жоқ баланы «бар» деп электронды табельге енгізіп отырған балабақшадағылар. Осылайша үш жыл ішінде мемлекеттің 45 млн. 714 мың теңгесін қалтаға басқан. Басым бөлігі пандемия кезінде яғни, балалар карантинде кезде де толтырылып отырған. Мұны растайтын жауаптар ата-аналардан және өзге де жауапты кісілерден алынған. Әр жылдың бала басына төленетін қаржы көлемі әркелкі. Соның өзінде бюджетке орасан шығын келіп отыр.» — деді Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі Ербол Құрманбаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мегаполисте мектепке дейінгі мекеме меңгерушілері 2019-2021 жылдар аралығында қазына қаржысын жымқырғаны айтылған. Қазынаға қол салғандардың арасында балабақшаның құрылтайшысы да бар. Бұл ақпаратты білім басқармасының баспасөз қызметі растады.

«ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі бойынша бірнеше жекеменшік балабақшалардың иесі болып табылатын бір құрылтайшыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыстық іс бойынша Шымкент қаласының білім басқармасы жәбірленуші тарап болып танылды.

2020-2021 жылдар аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қарым-қатынасында белгілеген шектеу карантиндік шараларына байланысты Шымкент қаласының білім басқармасы балалардың келуіне мониторинг жүргізуге мүмкіндігі болмады. Себебі, ҚР БҒМ №122 бұйрығының 20-2 тармағына сәйкес білім басқармасы балалардың келуіне жылына бір рет қана мониторинг жүргізуге құқылы.» -делінген жазбаша ақпаратта.

Предыдущая запись
В Алматы мужчина оставил жену без денег, имущества, с долгами и больным ребенком
Следующая запись
С 1 июля 2022 года в закупках недропользователей будут использоваться новые коды классификации – МИИР РК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню