Әлеуметтік желіде «Түркістан-Шымкент» бағытындағы жолдың цемент плитасының көтеріліп кеткендігі туралы видео тарады. Ел «Қызыл көпір» атайтын бұл аумақ Төрткөл кентіне қарайды. Видеода бетон жолдың ортасындағы үлкен плиталар ажырап қалғаны көрінеді. Сол сәтте көліктердің жүруіне кедергі туды. Кәугерлердің мәліметінше, бұл жағдай кеше күндізгі бестер шамасында орын алған.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева қазіргі таңда «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жолды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтағанын мәлім етті. Жолдың көтерілуіне ауа температурасының жоғары болуы себеп көрінеді.
«10 жол қызметкері және 5 арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылды. Қажет жол белгілері орнатылды. Жергілікті полиция патрульдеу жүргізіп жатыр. «Самара-Шымкент» тас жолының «Қызылорда-Шымкент» ақылы учаскесінде ауа температурасының жоғары болуына орай (+40-45 С) цемент-бетон плитасы көтерілді.» — деді Ләззат Стамғазиева.