419
№7 бағытты автобусқа соғылған «Лада Калина» автокөлігінің сау-тамтығы қалмаған. Жүргізушісі қираған көліктің ішінде қыстырылып қалған. Апат болған жерден өтіп бара жатқан жолаушылар дереу көмекке ұмтылғанымен, 18 жастағы жүргізуші сол жерде көз жұмды. Кейін құтқарушылар көлік ішінен марқұмның мүрдесін шығарып алды. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлады БҚО полиция департаменті.
Қазір оқиғаның себебі, кімнің кінәлі екендігі анықталып жатыр.